Мемлекет басшысы өлім жазасын жою мәселесі бойынша заңға қол қойды

29 Желтоқсан 2021, 19:03
1362
Бөлісу:
Мемлекет басшысы  өлім жазасын жою мәселесі бойынша заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды. 

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойды. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы