Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті

23 Қыркүйек 2025, 22:05
463
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы