Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

8 Қазан 2025, 14:15
325
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы