Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург премьер-Министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар перспективалы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ксавье Беттель ғарыш өнеркәсібі, қаржы қызметтері, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы арқылы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.