Мемлекет басшысы: Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек

19 Мамыр 2022, 18:16
2147
Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өткен жолғы кәсіпкерлермен басқосуда еске алып,  өзара пікір  алмасқанын, жаңа ұстанымдарды айқындағанын айтты.

Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық.  Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік, -деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты.

Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек, -деді ол.


 

Өзгелердің жаңалығы