Астана қаласында 2023 жылы 22 маусым күні Республикалық IQanat олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның жеңімпаздары Бурабай қаласындағы IQanat орта мектебінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болу үшін Елордаға келген болатын. Ауыл мектептерінен 800-ден астам дарынды оқушылар бас қосты.
Олимпиада жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев, Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ 100-ден астам қазақстандық ірі кәсіпкерлер Еркін Длімбетов, Нұрасыл Жарбасов, Қанат Көпбаев, Айдын Рахымбаев және т.б құттықтады.
Марапаттау салтанатында қатысушылар алдында сөз сөйлеген Білім министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы үндеуін оқып берді.
Құрметті қатысушылар, сіздерді IQanat олимпиадасының финалына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сапалы білім, бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Өркениетті қоғамды - еңбекқор, жасампаз, адал азаматтар ғана құрайды. Сондықтан озық ауыл оқушылары арасында олимпиада өткізудің маңызы зор,- деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев финалистерге жолдаған үндеуінде .
Олимпиада 3 кезеңнен өткен. Оған Қазақстанның 166 ауданынан ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары қатысты. Бірінші кезеңге 37,7 мың оқушы, екінші кезеңге 7,7 мыңнан астам бала қатысты. Қорытынды, ІІІ кезеңге – IQanat олимпиадасының финалистерінің республикалық слетіне 824 ауыл оқушысы жиналды. Барлығы 6 жыл ішінде IQanat олимпиадасы 160 мыңнан астам ауыл оқушысын қамтыды. Олардың көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар.
Жыл сайын IQanat жобасы мыңдаған ауыл балаларына шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба 6 жыл ішінде ауылдардың 55 мыңнан астам оқушысын мотивациялық және академиялық бағдарламалармен қамтыды. IQanat бағдарламасы мен мектебін бітірген 1,7 мың түлектің 81 пайызы Қазақстанның және әлемнің басқа 15 елінің университеттеріне грантпен түсті.
Жыл сайын IQanat жобасы он мыңдаған ауыл балаларына шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба өмір сүрген 6 жыл ішінде ауылдардың 55 мыңнан астам оқушысы мотивациялық және академиялық бағдарламалармен қамтылды, бағдарламалар мен IQanat мектебінің 1,7 мың түлектерінің 81%-ы Қазақстанның жоғары оқу орындарының гранттарын және 15 басқа да 15 оқушыны алды. әлем елдері.
IQanat олимпиадасының финалистерінің республикалық слеті «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен өтті.