Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Инклюзивті спорт орталығын аралады

Бүгiн, 20:33
181
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты.

Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.

Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.

Мемлекет басшысы Инклюзивті спорт орталығын аралады

Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады.

Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Инклюзивті спорт орталығын аралады

Спорт және білім салаларында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін маман даярлауға айрықша мән беріледі.

Мемлекет басшысы Инклюзивті спорт орталығын аралады
Өзгелердің жаңалығы