Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

8 Қараша 2022, 17:29
916
Бөлісу:
Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-на қарасты біріктірілген газ-химия кешенін іске қосты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

 Кездесуде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына газ-химия кешенінің даму перспективасы туралы баяндады. Жалпы, кешен құрылысына 4300 адам жұмысқа тартылған. Ол толық іске қосылғанда 631 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

 

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

 «Теңіз» кен орнында өндірілетін шикізатты өңдеуге бағытталған кәсіпорын жылына 500 мың тонна полипропилен шығара алады. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды. 

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты
Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

Өндіріс ошағы еліміздің полипропиленге деген сұранысын өтеп қана қоймай, құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда полипропиленнен түрлі бұйым шығаратын шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

 

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

Кәсіпорында америкалық «Lummus Technology Inc» компаниясының Catofin және Novolen технологиялары пайдаланылады. Әлемде мұндай кешен Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді 5 елде ғана бар.

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты
Өзгелердің жаңалығы