Мемлекет басшысы Есеп комитетінің жұмыстарымен танысты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады.&nbsp;</h4>

28 Мамыр 2019 2019, 17:38
АВТОР
 28 Мамыр 2019 2019, 17:38
28 Мамыр 2019 2019, 17:38
1786

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Наверх