Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.