Мемлекет басшысы Беларусь президентімен телефон арқылы сөйлесті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Ақорданың ресми сайты.</h4>

 30 Желтоқсан 2019 2019, 19:38
30 Желтоқсан 2019 2019, 19:38
3554

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.  

Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметте табыс, достас беларусь халқына бақ-береке тіледі.


Наверх