Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

26 Қазан 2024, 12:21
382
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы