Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан үшін басты инвестициялық серіктестердің бірі екенін атап өтті. Ол елімізде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын және америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру мен ауыл шаруашылығы салаларында кең мүмкіндіктер бар екенін жеткізді.
Өз кезегінде Говард Латник АҚШ-тың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық бағыттарда бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.