Мемлекет азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр

24 Наурыз 2020, 18:55
1445
Бөлісу:
Мемлекет азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өз тауарымызды тұтыну арқылы біз болашағымызды қалыптастыра аламыз. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифинг барысында айтты.

Қарапайым заттар экономикасының мәніне тоқталған министр, күнделікті қолданатын заттардың барлығы өз елімізде жасалу керектігін айтты. 
Тамақ, киім, жиһаз, тұрмыстық химия сияқты тауарларды біз өзіміз өндіре аламыз. Бірақ өндіріп қана қоя салу жеткіліксіз. Ол тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімді болу керек. Өз тауарымызды тұтыну арқылы біз болашағымызды қалыптастыра аламыз. Қазақстанда өндірілген затты сатып алып жатқан әрбір азамат білу керек, ол елдің болашағына өз үлесін қосуда. Баршаңызды осыған шақырамыз, - деді ол. 

Сондай-ақ ол, Үкімет бұл тұрғыдағы өз ұстанымын мәлімдегенін жеткізді. Мәселен, бизнесті несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін артпақ. Сонымен қатар, қазірден бастап жалпы сомасы 560 млрд теңгенің 94  инвест жобасы іске асырылуда. Президенттің тапсырмасымен импортқа деген тәуелділік мәселесін шешу үшін  қосымша 390 млрд теңге бөлінген. 
Кешегі президенттің үндеуі бұл көп жағдайда ел экономикасының тірегі болып саналатын жұмысшы мамандық иелеріне үндеуі. Себебі, салық төлейтін, қосымша құн беретін, сұранысты қамтамасыз ететін сіздер. Қазіргі күні өңдеу және тау-кен өндірісі мекемелерінде шамамен 700 мың адам еңбек етуде. Үкімет 100 пайыз жұмыспен қамту және өндіріс көлемін сақтау бойынша қажетті шараларды жасауда, - деді Дәурен Абаев. 

Оның айтуынша, мұнайгаз саласында 1355 компания жұмыс істейді. Оларда 200 мыңнан астам адам қызмет етеді. Тіпті мұнай бареллінің құны 25 доллар болса да бұл компаниялар қазіргі таңдағы шығындарын жауып, жұмыскерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Яғни мемлекет табыс табуды емес, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.




Өзгелердің жаңалығы