Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
7 Қазан 2025, 16:30
1046
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Баланың дұрыс тамақтануы – ата-ана мен мектеп үшін ортақ жауапкершілік. Сондықтан елордадағы №101 мектеп асханасында бұл үдеріс цифрлық бақылауға алынған. Face ID жүйесі, онлайн есеп және ашық мәзір – барлығы да оқушы денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген.

BAQ.KZ тілшісі осы білім ордасында болып, цифрлы асхана жұмысымен танысты.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Таңғы сағат жетіде елордадағы №101 мектеп асханасында жаңа күн басталады. Дәстүрлі түрде таңғы асқа арналған ыстық тағамдар дайындалып, ботқаның иісі асхана ауасын толтырады.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Бастауыш сынып оқушылары асханаға Face ID-ден өтіп кіреді. Содан соң қол жуып, таңғы асқа кіріседі.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Мектептің әлеуметтік педагогі Жанна Мұхамедиеваның айтуынша, мектепте бүгінде 1575 бала ыстық тамақпен қамтылған.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Әр оқушы асханаға кірер алдында Face ID жүйесі арқылы тіркеледі. Бұл жүйе оқушылардың тамақтану кестесін, келу уақытын және тағам алу процесін автоматты түрде тіркеп, ай сайын электронды табельге жүктейді.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Күн сайын Face ID арқылы кірген баланың аты-жөні мен уақыты серверге тіркеледі. Осы деректер негізінде айлық есеп автоматты түрде қалыптасады, – дейді мектептің әлеуметтік педагогі.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Ас мәзірі күн сайын өзгеріп отырады. Бастауыш сынып оқушыларына көбіне сүтті ботқа, алма, компот ұсынылады.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Бүгін, мысалы, сүтті күріш ботқасы мен шай. Ертең жүгері немесе “бес дәнді” ботқа болады. Барлығы санитарлық нормаларға сай дайындалады, – дейді Жанна Мұхамедиева.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Ас үйде 18 қызметкер жұмыс істейді. Таңғы сағат жетіден бастап олар тамақ дайындауға кіріседі. Әр тағамды мектептің диетолог-медбикесі дәмін татып, температуралық бақылаудан өткізеді.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Асхана жұмысы ата-аналар бақылауында. Арнайы бракираждық комиссия айына екі рет келіп, тағам сапасын тексереді.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Біз фото және есептерді ай сайын Instagram мен мектеп сайтына жүктейміз. Ата-аналар онлайн режимде қарап отыра алады, – дейді мектеп өкілі.

Сонымен қатар биыл мектепте “Еgov mobile” қосымшасы арқылы ваучерлік жүйе енгізілген. Әр ата-ана қосымша арқылы баласының қай уақытта, қандай тағаммен тамақтанғанын көре алады.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Мектепте әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 балаға тегін тамақ беріледі. Сондай-ақ демеушілердің қолдауымен көпбалалы отбасылардан шыққан 5-11 сыныптың 30 оқушысы да тегін тамақтанады.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Бұдан бөлек, ерекше диета талап ететін оқушылар үшін жеке мәзір дайындалады.

Былтыр бір оқушы лактозасыз тағам ішетін. Олбалаға бөлек ботқа пісіріліп, жеке ұстаздың бақылауымен берілді, – дейді қызметкер.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Сағат екіден кейін асхана қайтадан толығады – бұл жолы жоғары сынып оқушылары түскі асқа келеді. Мектеп ұжымы үшін басты қағида – тазалық, қауіпсіздік және ашықтық.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Асханада балалардан бөлек, мектепте жұмыс істейтін барлық қызметкер тамақтанады. Сол себепті ересектерге бөлек тағам әзірленеді. Олардың бағасы 600 теңгеден басталады. Самса 250 теңге болса, тоқаштар 200 теңгеден. Ал суды 200 теңгеге алуға болады.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Сондай-ақ мектеп асханасы сөресінен пешке пісірілген самса, аспаздар қайнатқан компоттарды да табуға болады. Бастысы – балаларға зиянды фастфуд пен газды сусындар жоқ.

Мектептің “цифрлы” асханасы қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Балалар асханада тек тамақтанып қана қоймай, дұрыс тамақтану ережелерімен де танысады. Асханадағы LED экранда осындай қарапайым ережелер қосулы тұр.

Бала тамағы – жай ғана ас емес, ол күн сайынғы қамқорлық пен жауапкершіліктің көрінісі.

Өзгелердің жаңалығы