Мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты - Тоқаев

5 Қазан 2023, 12:06
1055
Бөлісу:
Мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты - Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезіндегі баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» дейді. Мұғалімдердің қажырлы еңбегі және оқушылардың дарыны мен талабы нақты жемісін беруде. Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық  медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш. Осының бәрі – сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасы. Мен түрлі қиындыққа қарамастан, міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға зор алғысымды айтамын, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы