Мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді

29 Қараша 2023, 20:57
601
Бөлісу:
Мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық мектептердегі интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басында мектептердің 19 пайызы ғана талапқа сай болған болса, бүгінде еліміздегі мектептердің 65 пайызында интернет жылдамдығы арттырылды.

Вице-министр Айбат Ілиясов атап өткендей, осы жылы Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп мектептердегі интернет жылдамдығына қойылатын талаптарды бекітті.

Мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді

Барлық мектептер бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді толық пайдалану үшін интернет желілеріне қосылу технологиясына инвентаризация жүргізілді. Нәтижесі бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін интернет жылдамдығы төмен мектептердің тізімі жасалды. Пилоттық жоба аясында 2024 жылдың маусымына дейін бұл мектептерді Starlink технологиясына кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда, - дейді Оқу-ағарту вице-министрі.

Айта кету керек, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 10 ауыл мектебі пилот ретінде Starlink технологиясына қосылды.

Мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді

Егер бұрын олардағы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с аспайтын болса, енді жылдамдық 150 Мбит/с дейін жетті.

Мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді

2024 жылдың маусымына дейін 2000 мектепті SpaceX интернетіне қосу жоспарлануда. Мектептердің негізгі үлесі Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарында.

Өзгелердің жаңалығы