Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ата-аналарды WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламаларға алаңдаушылық танытуда.
Оларда мектептерде күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағының сарбаздары кезекшілік етіп, балалар мектепте тергеу изоляторында оқшауланады, ал мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін қолданылады делінген. Мұның бәрі өтірік, – деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Бұл хабарламаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.
Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде тергеу изоляторы ( ШИЗО ) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді. Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды. Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылатын болады. Олар ата-аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді. Ата-аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және балалардың білім деңгейін арттыратын осындай хабарламаларға сенбеулерін сұраймыз, – деп хабарлады ведомстводан.Министрлік сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.