Мәжіліс депутаттары Білім және денсаулық сақтау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің «Мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысы туралы» бейнеконференция форматында отырысқа қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиында Білім вице-министрі мектеп құрылысына қатысты проблемаларды атап өтті.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде Жамбыл облысында 444 мектеп болса, онда 235 017 оқушы білім алуда.
2026 жылға болжам 289 594 оқушы, тапшылық 64 242 орынды құрайды деп күтілуде. Бүкіл ел бойынша күтілетін орын тапшылығымен ұқсас жағдай. 2021-2025 жылдары облысымызда 85 мектеп салу жоспарлануда.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова мектептердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге жеке инвесторларды тартуға болатынын, бұл жергілікті және республикалық бюджетке түсетін салмақты азайтатынын айтты.
Бұл инвесторлар үшін инвестициялық тартымдылықты және мүмкіндігінше ондаған жылдар бойы қайта қаралмаған нормаларды, талаптарды және стандарттарды оңайлатуды талап етеді. Мысалы, 200 орындық мектеп салу үшін 1 га жер телімі қажет, қанша орын көп болса, жер телімдері де соншалықты үлкен болуы керек. Қалаларда мұндай жобаларға инвестиция салу іс жүзінде қиын. Инвесторларға кейбір жерлерде мемлекеттен жер телімдерін беру мүмкіндігін қарастыру керек шығар, – деді депутат.
Осы ретте білім вице-министрі құрылыс талаптарын жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздері реттей алатынын айтып, "барлық талаптарды министрліктер бекітеді, ал жергілікті атқарушы органдар бұл талаптарды заңмен өзгерте алмайды" деді.
Депутаттың айтуынша, құрылыс жұмыстарының құны (әр өңірлердегі қуаттылығы бірдей мектептердің құрылысына баға әр түрлі!) және ұзарту жұмыстары, нысандардың көпшілігінің артта қалғаны туралы көптеген сұрақтар туындайды.
Мәселен, жыл аяғында пайдалануға берілетін нысан, былтырдан бері құрылыс жүріп жатқанымен, бірінші қабаты әлі аяқталмаған.
Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылыс құнының көтерілу жағдайлары бар.
Жоспарлауды кесте бойынша бақылау қайда? Неліктен жоба құнының өсуіне жол берілген? Құрылыс компаниялары құрылыс материалдарының қымбаттауын әдейі күтіп, құрылыстың барысын тоқтатып, қосымша шығындарға шот беріп, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тауып жатыр, - деді Гүлдара Нұрымова.
Сонымен қатар депутат көтерген тағы бір мәселе, облыстың ауыл, аудандарында халықпен кездесулер барысында көтерілген білім беру бюджетін облыс деңгейінде орталықтандыру.
Ауыл мектебіне, мәселен, жеңіл жөндеу жұмыстары немесе тағы бір нәрсе керек болса, облыстық білім басқармасында тендер ойнатылып, көп қолайсыздық тудырып, уақытты созып жібереді.
Бұл оқушыларды тасымалдауға да қатысты. Жылдар бойы ауылдарға оқушыларды тасымалдау жұмысын ауылдық әкімдіктер жолға қойды. Қазір облыс әкімшілігіндегі тендерді бір ғана тұлға ұтып алып, жұмысты барлық жерде дерлік бұрынғы жергілікті тасымалдаушылар жүргізуде.
Отырыс барысында қыс мезгіліне дайындық, қазандықтарды дайындау, жөндеу жұмыстары сынды бірқатар мәселелер көтерілді.