Мектептердегі «Бұлтты бухгалтерия» бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етеді

17 Наурыз 2021, 16:33
1913
Бөлісу:
Мектептердегі «Бұлтты бухгалтерия» бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі мектептер «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесін енгізіп жатыр, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Бұл – білім ордаларындағы бюджетті пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс.

Жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға және көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын арттыруға жағдай жасайды.  

Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан мен Павлодар қалаларындағы мектептер «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесін пайдаланып келеді, нәтижесінде қазынадан бөлінетін бірнеше млрд теңге үнемделген.

Білім беру ордаларында жұмыс істейтін бухгалтерлердің айтуынша, жаңа форматтағы жұмыс қаржыны жоспарлау, басқару және пайдалану процесін жеңілдетіп, тиімділігін арттырған.

Бұлтты бағдарламаның ішіне барлығы кіреді. Тарификация, есеп бағдарламасы, мемлекеттік сатып алу – бәрі бір жерде. Ал бұрынғы бағдарламада бәрін жеке сатып алатынбыз. Жүйеде жұмыс жасаған өте ыңғайлы, – деді Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназиясының бас есепшісі Нұргүл Оразбекова.

Өзгелердің жаңалығы