Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім беру ұйымдарында оқуды бастау туралы» тақырыбындағы брифинг кезінде айтылды.
Мұндай мәліметті Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова берді.
Бүгін ІІІ оқу тоқсаны басталды. Бұл тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады, - деді ол.
Санитарлық дәрігерлердің мәліметіне сәйкес ауру деңгейінің өсуіне байланысты үшінші тоқсанды қандай форматта бастауға қатысты шешімдер қабылданған болатын.
Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы бойынша дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес және білімнің маңыздылығын ескере отырып, еліміздегі барлық мектеп ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуы тиіс. Өздеріңіз білетіндей, екінші тоқсан аяқталғаннан кейін балалар қысқы каникулға шықты. Кейін тағы бір аптаға созылған каникулда болды. Сөйтіп балалар бүгінгі күні 19 күн каникулда болып, алғашқылардың бірі болып, білімдерін жалғастырайын деп отыр, - деп түсіндірді БҒМ өкілі брифингте.