Мектептерде ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинап жатыр – Ринат Зайытов

26 Маусым 2024, 12:17
899
Бөлісу:
Мектептерде ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинап жатыр – Ринат Зайытов
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жалпы отырыста мұғалімдер мен ата-аналардан ақша жинап жатқаны жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізге бірқатар шағым түсті. Қазақстанның бірнеше мектебінде ата-аналардан, мұғалімдерден ақша жинап жатқан фактісі туралы шағымдар. Осы қай қаулы, қай заңға негізделген ақша жинау?, – деп сұрады депутат Ринат Зайытов.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Ринат Зайытовтың сұрағына жауап берді.

Ешқандай заңда, ешқандай қаулыда мектепте ақша жинау мәселесі қарастырылмаған. Бұл – заңсыздық. Бұған дейін көтерген мәселелеріңіз бойынша әрбір фактіні сізден алдық. Оларды тиісті заң органдарына жолдаймыз. Бізге де мұндай жағдайлар мәлім болғанда оны бірден құзыретті органдарға жолдаймыз, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі өкілі.

Өзгелердің жаңалығы