Мектептегі қауіпсіздік: Әкімдік шешімдерді жеткілікті деңгейде іске асыра алмай отыр - Аймағамбетов

30 Мамыр 2023, 15:19
1120
Бөлісу:
Мектептегі қауіпсіздік: Әкімдік шешімдерді жеткілікті деңгейде іске асыра алмай отыр - Аймағамбетов
Фото: автордан

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әкімдіктердің қабылдаған шешімдері жеткілікті деңгейде іске асырылмай жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі туралы дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Жиын Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен өтіп жатыр.

Бүгін өте маңызды мәселе қаралып отыр. Осы мәселеге көбіне саясатты орталық атқарушы органдар белгілейді. Бірақ қабылданған шешімдерді, нормативтік-құқықтық актілерді орындайтын - ол жергілікті атқарушы органдар. Сондықтан көп мәселе жергілікті әкімдіктердің жұмысына байланысты. Мысалы, бүгін көтерілетін мәселелердің ішінде бейнекамералар, жалпы қауіпсіздік мәселелері бар, - деп айтты Аймағамбетов.

Депутат атап өткендей, бейнекамераларды, турникеттерді орнату, қауіпсіздік жүйелерін іске қосу бойынша жалпы саясатты Оқу-ағарту министрлігі бекітеді.

Бірақ осы саясаттың іске асырылуы жергілікті әкімдіктерге байланысты. Әкімдіктердің деңгейінде қабылданған шешімдер жеткілікті деңгейде іске асырылып жатқан жоқ, - деп айтты депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы