Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин айтты.
Барлық орта білім беретін оқу орнында біз БҒМ-мен бірлесіп анонимдік өтінім беру бойынша жағдай жасадық. Анонимдік жәшіктерге кез келген оқушы анонимді түрде құқықбұзушылық туралы өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ мектептерде оқушылардан анонимдік сауалнама жүргізіледі, - деді ол.
Жасұлан Жұманалин атап өткендей, биыл полиция қызметкерлері осыған қатысты 4 қылмысты әшкереледі.
Сондай-ақ мектепте оқушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Онда құқықбұзушылықтар мен оларға тағайындалатын жазаның түрлері түсіндіріледі. Жасөспірімдердің құқығын қорғауға арналған сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, - деді Жасұлан Жұманалин.