Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мектепте оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынды

27 Тамыз 2025, 18:29
1420
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда оқушылардың сабақ кезінде смартфон пайдалануына заңмен тыйым салынды. 2026 жылдан бастап мектептерде телефон тек оқу мен төтенше жағдайда ғана қолданылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа заң 2026 жылғы наурызда күшіне енеді. Ол балалар мен жасөспірімдер арасында смартфонға тәуелділіктің артуына байланысты қабылданған. Елде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, кәмелетке толмағандардың 43%-ы телефонға тәуелді.

Мектепте оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынды
Фото: Getty Images

Депутаттар, мұғалімдер мен ата-аналар смартфондар оқушылардың үлгеріміне кері әсер етіп, уақытын тиімді пайдалануға кедергі келтіреді деп санайды. Заңға сәйкес, телефонды тек оқу мақсатында немесе төтенше жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар үшін де жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен бірге, заң мектептерге оқушыларға смарт-құрылғыларды дұрыс қолдануды үйретуді міндеттейді. Мұғалімдерге сабақ кезінде ғана емес, мектеп аумағында да телефон қолдануға тыйым салу құқығы берілді.

Мектепте оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынды
Фото: Getty Images

Құжатты 163 депутаттың 115-і қолдап, қабылданды. Бұл бастаманы елдегі ірі мұғалімдер ұйымдарының бірі қолдады.

Айта кетейік, смартфонға шектеу енгізген елдер қатарында Франция, Финляндия, Италия, Нидерланд және Қытай бар. Алайда Оңтүстік Корея – мұндай шектеуді заң жүзінде бекіткен санаулы мемлекеттердің бірі.

Өзгелердің жаңалығы