Мектепте атыс болып, 27 адам қазақ тапты

5 Сәуір 2025, 17:10
1171
Бөлісу:
Мектепте атыс болып, 27 адам қазақ тапты
Фото: Freepik

Израиль әскерінің Газадағы мектепке соққы жасағаны мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Израиль әуе күштері Газа секторының солтүстігіндегі мектепке соққы жасады. Соққы салдарынан 27 палестиналық қаза тапты.

Бұл туралы «Хамас» үкіметінің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Газадағы атысты тоқтату туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енген, бірақ наурыздың басында қайта бұзылды. Сол уақыттан бері авиациялық шабуылдар жанданған. Шабуылдар салдарынан 1200-ге жуық палестиналық қаза тауып, ондаған мың бейбіт тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Өзгелердің жаңалығы