Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

16 Тамыз 2024, 14:18
1010
Бөлісу:
Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Астаналық ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін қанша қаржы жұмсайды? BAQ.KZ тілшісі «Kids EXPO. Балалар әлемі» атты жәрмеңкеде жүрген ата-аналардың жауабын білді.

Бір балаға кемі 150 мың теңге кетеді

Астаналық Ләззат Қыдырбекқызы сапалы мектеп керек-жарағын сатып алудан бұрын, оны табу қиын екенін айтады.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?
Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Менің екі балам бар, оның біреуі мектеп жасында. Былтыр мектеп заттарын алу үшін 100 мың теңгедей ақша жұмсадым. Ал, биыл 100 мың теңге аздық етті, тағы 50 мың жұмсалайын деп тұрмын. Көп жерді аралаймыз, бірақ баға жағынан ешқандай айырмашылық байқамаймыз. Біз үшін ең қымбат дүние аяқ киім. Сондықтан жаңа оқу жылына дайындық кезінде әрбір ата-анадан кемінде 200 мың теңге кетеді деп ойлаймын, - деді қала тұрғыны.

Аяқ киім жағынан көп қиналамыз

Мектептегі қызына киім қарап жүрген Эльмира Жақыпованың пікірінше, балалар киімі жылдан жылға тез қымбаттап барады.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Үш қызым бар. Екі қызым балабақшаға барады. Былтыр қызым бірінші сыныпқа барды. Оған бүкіл заттары үшін 200 мың теңгеге жуық ақша жұмсадық. Биыл ұлымыз 2-cыныпқа ауысады, сондықтан тек мектепке қажет ұсақ-түйекті алдым. Әзірше 70 мыңға жуық қаржы жұмсалды. Жылда көбіне аяқ киім жағынан қиналамыз, ол бірде үлкейеді, енді бірде жарамсыз болып қалады. Сондықтан биыл да кемі 100 мың теңгенің үстінде ақша құртатынымыз анық. Менің ойымша, тауарлардың түрі көбеюі керек. Әр азаматта таңдау көп болса, тауар бағасы тұрақты болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда ондай үрдіс байқамаймын, бүкіл жерде тауар аз. Балалардың киімдері тез қымбаттайды, сол себепті ай сайын болатын жеңілдік кезінде алуға тырысамыз, - деді астаналық тұрғын.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Декреттегі ана Айсұлу Смайыловада ұлына киім таңдағанда қиналатынын айтады.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Ұлым 9-сыныпта оқиды және спорттық секцияларға барады. Біз оған жылда кемі 100 мың теңгенің үстінде қаражат жұмсаймыз. Тіпті одан көп. Өйткені қазір мектепке қажетті керек-жарақ пен киімдердің бағасы қымбаттап кетті. Оның үстіне балам ұзын бойлы бойшаң келген, сәйкесінше, өлшеміне байланысты киімдері де қымбат болады. Жалпы, канцелярлық тауарлардың бағасы тұрақты, мәселе киімнің бағасында дер едім. Әрине, адамдардың талғамы әртүрлі және әр адамның сатып алатын таңдаулы жерлері болады. Бірақ киімнің сапасына аса мұқият қараймын. Ол балама ыңғайлы әрі денсаулығына зиян тигізбеуге тиіс. Иә, сол себепті кейде қымбат дүниелерді сатып алуға мәжбүр боламыз, - Айсұлу Смайылова.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Биыл үш қызым мектепке барады

Қанат Досанов ата-ана ретінде жаңа оқу жылына жаз бойы дайындалатынын айтты.

Есептейік, бір балаға канцелярлық тауарларға кемі 20-25 мың теңге шығын шығады. Ал мектепке арналған киіміне кемі 100 мың теңге қажет. Биыл менің үш қызым мектепке барады. Демек жаңа оқу жылына дейін 300 мың үстінде ақша жұмсалады, - деді Досанов.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Тағы бір қала тұрғыны Мая Дәулетованың мектеп жасындағы екі ұлы бар.

Баға әр адамның талғамына байланысты деп ойлаймын. Мен екі ұлы кем дегенде жылына ек-үш киім сатып аламын. Олардың біреуі 4, екіншісі 7-сыныпта оқиды. Үнемдедік дегеннің өзінде 200 мыңға жуық қаражат жұмсаймыз. Биыл одан көп кетпесе, аз кетпейтіні анық. Көп жерде шарлап қараймыз, интернет-дүкенді де бақылап отырамыз. Мектепке қажетті дүниелердің бағалаларында айырмашылық көп бола бермейді, - деді Дәулетова.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада мектеп оқушыларына арналған жәрмеңке ұйымдастырылғанын жазған едік. Онда 70-ке жуық кәсіпкердің тауарлары ұсынылды.

Мектепке дайындық. Астаналық ата-ана бір баласына қанша ақша жұмсайды?
Өзгелердің жаңалығы