Вирустық инфекциялар жиілеп жатқан кезеңде науқастануына байланысты балалар балабақша мен мектепке 5 күнге дейін бармаған жағдайда анықтама алудың қажеттілігі болмайды деп әлеуметтік желілерде таралған ақпарат ел аумағында қабылданбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі тәрбие мен балалар үйіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес балалар үш және одан да көп күн сабақта болмаған жағдайда, олар мектепке дейінгі мекемелерге денсаулығы туралы дәрігердің анықтамасымен қабылданады, - делінген хабарламада.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жекелеген жіті ауруларға шалдыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілер бақылауға және сауықтыруға жатады.
Дәлелді себептермен сабақты жіберіп алу білім беру ұйымының (мектептің) ішкі тәртібімен айқындалады.