Мектеп сапасын білім басқармасы бақылауға алу керек – депутат

22 Тамыз 2022, 13:50
5355
Бөлісу:
Мектеп сапасын білім басқармасы бақылауға алу керек – депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті білім басқармаларына мектептің сапасын тексеретін функция беру қажет деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кейбір мектептер құрылысы жүргізілгенмен, бір жылға жетпей апаттық мектепке өтіп жатады. Оның себебі – құрылыс сапасының төмендігі. Кейін үш жыл өткенде  мектеп басшылығы құрылыс компаниясымен оның мердігерін таппай қалады, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Депуттаттың пікірінше, мектеп ұжымы жаңа мекеменің сапасын көре алатын құқық берілуі керек.

Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті білім басқармаларына мектептің сапасын қарайтын функция беру қажет деп ойлаймын. Біз өңірлердегі мектептің салынуын тексерген кезде білім басқармасы тек бізбен бірге кіре алды. Жалпы, құрылыс жүріп жатқан уақытта білім басқармасы не  мектеп директоры барып көруіне ешқандай мүмкіндігі жоқ. Себебі олардың заңды түрде бақылау функциясы белгіленбеген. Негізі мектеп құрылысы аяқталғаннан кейін оны қолданатын білім ұжымы. Бұл мәселе заңнама аясында бекіту керек, - деді «Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы