Мектеп қандай жағдайда карантинге жабылады?

12 Наурыз 2021, 11:06
8005
Бөлісу:
Мектеп қандай жағдайда карантинге жабылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова қандай жағдайда мектептер карантинге жабылатыны туралы айтып берді.

COVID-19 жұқтырудың 1-2 жағдайы анықталса, сынып жабылады. 3 және одан да көп жағдай анықталғанда мектеп толығымен жабылады. Яғни балалар қашықтан оқуға ауысады, - деп түсіндірді Білім басқармасының өкілі.

Брифинг барысында Имангазинова мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтынына тоқталды.

Оқушыларға өздеріне ыңғайлы, ұқыпты киім киюге рұқсат беріледі, - деді ол.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылының басынан бері елордада 89 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі күні 22 мектепте карантин жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, одан басқа халықаралық мектептердің 1-7 сыныптарының оқушылары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта 1-5 сынып оқушыларының 85 575-сі, яғни 88%-ы офлайн режимде оқытылып жатыр. Ал бітіруші 9, 11, 12-сынып оқушылары оқуды аралас форматта жалғастырады. Пәндердің 70%-ы дәстүрлі, қалған 30%-ы қашықтан ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы