Бакудегі білім беру мекемесінің басшысы ұстаздардың туған күніне құны 600 манат (176 196 теңге) сыйлығына наразылығын білдіріп, тіпті сөз арасында мұғалімдерді балағаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Oxu.Az басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Бакудің Пираллахи ауданындағы Гюргян ауылындағы №231 орта мектептің директоры Ламия Ильхамса мен мұғалімдер ұжымының әңгімесі бейнеленген аудиожазба тараған. Директор мұғалімдердің туған күніне 600 манат тұратын сыйлығына көңілі толмайтынын айтып, әңгіме барысында мұғалімдерді балағаттады.
Маған "садақа" керек емес, - деді ол.
Бұл фактіге Баку қалалық білім басқармасы жауап берді. Олар бұл мәселенің тексерілетінін айтты.