Мектеп бітіріп жатқан оқушы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді

Алматы облысының полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 Артём Чурсинов  24 Мамыр 2025 2025, 17:11
24 Мамыр 2025 2025, 17:11
9469

Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылында 11-сынып оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, ол – жәбірленушінің сыныптасы.

Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, полиция құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Наверх