Мектеп басшысы қызметкерін қара жұмысқа салғаны рас па?

14 Қыркүйек 2024, 10:13
589
Бөлісу:
Мектеп басшысы қызметкерін қара жұмысқа салғаны рас па?
Фото: автордан

Алакөл ауданына қарасты Теректі ауылында мектеп басшысы қызметкерін қара жұмысқа салғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірақ мұны білім басқармасы жоққа шығарып отыр. Халықтың пікірі екіге жарылуда. «halyk_zhurnalist.kz» әлеуметтік парақшасының иесі Сандуғаш Дүйсенова былайша жазады. «Мектептің шаруашылық меңгерушісі жұмысшыларды әкеліп, мектеп директорының үйінің шарбағын жасаған. Ағаштарды кесіп, жер қазып, қара жұмыс істеп жатыр» деп жазған. Олардың ішінде мектеп қызметкері де бар» делінген ақпаратта. Бұл ақпараттың жалған екенін айтып, облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өз парақшасына пікір білдірді.

Аталған жарияланым бойынша аудан әкімдігі мен жергілікті әкімшілік тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жазбадағы Теректі ауылы Қ.Баянбаев мекенжайында орналасқан тұрғын үй Теректі орта мектебінің үйі. Қоршау орнатып, ағаш кесіп жатқан жалдамалы жұмысшылар. Теректі орта мектебінің кіші қызметкерлері емес, - делінген хабарламада.

Осы мәселе бойынша нақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мен бұл мектептің директорын лайықты, адал, принципті, жауапты адам ретінде білемін. Неліктен оны балшықпен суару керек болды екен? Басқа нәрселер жоқ па? Әлде бұл тапсырыспен таралған ақпарат па? Ертең оны орнынан алып, басқа маманды орнына отырғызып, алмастыруға болады деп ойламадыңыз ба екен, кім білсін. Сіз өз тарапыңыздан зұлымдық жасап, маманның беделі мен абыройына күмән келтірдіңіз. Сізге кім құқық берді? Бұл үшін сізді жазалау керек. Неліктен тырнақ астындағы кір іздедіңіз? Мектеп директоры де адам, біржақты көзқараспен қарамайық. Ол өз ісінің нағыз маманы, - дейді ауыл тұрғыны Гульмира Бекова.

Өзгелердің жаңалығы