Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында туристік автобустың аударылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге қарағанда, автобус Уруапан қаласынан шығып, Тлалпухауа муниципалитетіне бағыт алған. Жол жүріп келе жатқан кезде жүргізуші белгісіз себеппен көлікті басқара алмай қалып, соның салдарынан автобус аударылған.
Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жараланғандар жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталуда. Құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.