Мексиканың солтүстігінде атыс болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тағы 9-ы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Қайғылы жағдай Энсенада қаласында көліктер шоуы кезінде болды. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Жарыс енді басталғанда бәзбіреулер баса көктеп кіріп, шабуыл жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер жүк көлігінен түсіп, адамдарға оқ жаудырған.
Әзірге олардың мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Оқиға орнында полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде. Тергеу жүріп жатыр.