Мексиканың Коюка-де-Бенитес қаласының мэріне кандидат Хосе Альфредо Кабрера Баррьентосты сайлауалды науқандағы митинг кезінде атып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ El Universal-ға сілтеме жасап.
Саясаткер баскетбол алаңында өтіп жатқан митинг кезінде өз жақтастарына қарай жүріп келе жатқан. Сол уақытта оған белгісіз біреу артқы жақтан келіп, шүйдесінен бірнеше мәрте атқаны белгілі болды.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазбадан оған кем дегенде 15 рет оқ атылғаны анықталды.
Шабуылдаушының қылмыс орнында көзі жойылды.