Мексиканың Котиха қаласында сайлаудан соң жеңіске жеткен мэр Иоланда Санчесті атып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Financiero газетінің мәліметінше, оған кем дегенде 20 рет оқ атылғаннан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Сонымен қатар атыс кезінде оның оққағары да көз жұмды.
Автокөлікке әкімдік пен полиция бөлімшесінің жанында орналасқан қала орталығында шабуыл жасаған.
Әзірге қарақшылардың ешқайсысы ұсталған жоқ.
Иоланда Санчес 2021 жылы қыркүйекте қызметіне кірісіп, Котиханың тарихындағы алғашқы мэр әйел атанған еді. Сол кездің өзінде ол өзіне қоқан-лоққы көрсетіліп жатқанын айтқан.
2023 жылы 23 қыркүйекте Иоланда Санчесті қылмыскерлер ұрлап әкеткен. Арада үш тәулік өткенде ол босатылды.
3 маусымда Мексика президентін сайлауда алғаш рет әйел үміткер жеңді.