Мексиканың Сан-Луис-Потоси штаты полициясының жедел тобына шабуыл жасалып, атыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РИА-Новости таратқан мәліметке сүйенсек, тәртіп сақшыларына қарулы топ шабуыл жасаған. Атыс кезінде 13 адам өлтіріліп, тағы екеуі ұсталды.
Қақтығыс кезінде қылмысқа күдікті 13 қарақшы өлтірілді, шабуылға қатысқан екеуі ұсталды, - делінген ведомствоның сайтында.
Муниципалитетте арнайы операция мәйіттерді құпия жерлеуге қатысқандарын айтқан екі әйел тұтқындалған соң басталған. Олар құқық қорғаушыларға мәйіттерді жерлеген жерді көрсеткен. Іздестіру шаралары барысында полицияға сол маңдағы үйлердің бірінде жасырынып отырған белгісіз біреулер шабуыл жасаған.
Ғимаратты басып алу кезінде оқ өтпейтін кеудеше киген 10 еркек пен 3 әйел оққа ұшты. Тағы екі адам үйдің жанындағы автокөліктен ұсталды.
Құқық қорғау органының өкілдері оқиға орнынан 27 автомат пен 7,62 калибрлі винтовка, 6 автокөлікті тәркіледі.