Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мехикода мейрамханалар, жаттығу залдары мен кинотеатрлар жұмысын бастайды. Спорттық іс-шараларды да өткізуге рұқсат, деп жазды Хабар24.
Жаңа ережелер бүгіннен бастап заңды күшіне енеді. Айта кетейік, мамандар аймақтағы жаңа тіркелген науқастардың саны соңғы бір айда айтарлықтай төмендегенін алға тартты.
Қайта ашылғанымызға қуаныштымыз. Бір жылдан астам уақыт бойы кәсібіміз тұралап қалған еді. Көк тиын таба алмай әбден қиналып қалдық. Енді жағдайымыз тұрақталатынына үміттенеміз, - деді саудагер Артизан Эдуардо Вильлагран.