Алматы, BAQ.KZ. Мексиканың Коауила штатында наркокартель қарақшылары полицияға қарсы оқ атты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Атыс кезінде 14 адам мерт болған. Оның төртеуі полиция қызметкер, ал он адам қаруланған қарақшылар. Сонымен қатар, тағы алты тәртіп сақшысы жараланған. Қарулы қақтығыс кезінде Солтүстік-Шығыс наркокартелінің 5 мүшесінің көзі жойылған.
Есірткі сатушылар муниципалитеттің басшысы Вилья Уньонға шабуыл жасаған, оның арты атысқа ұласқан. Қарақшылар қалаға жеті брондалған көлікпен келіп, мемлекеттік мекемеге оқ жаудырған.
Полиция, прокуратура және қарулы күштер біріккен операция өткізіп, брондалған көліктің жартысын жойған. Ұрыс кезінде ірі калибрлі оқ-дәрілер қолданылған.