Мексиканың Төменгі Калифорния штатының жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Санта-Росалия қаласынан 75 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.
Жерасты дүмпулерінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланған жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, қаза болғандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.