Жұмысын тоқтатқан мекемелер қызметкерге жалақы төлеуге міндетті - Нұрымбетов

16 Наурыз 2020, 18:21
2243
Бөлісу:
Жұмысын тоқтатқан мекемелер қызметкерге жалақы төлеуге міндетті - Нұрымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс беруші кем дегенде 42 500 теңге төлеуге міндетті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингте айтты.

Мекемелер, ұйымдар төтенше жағдайға байланысты өздерінің жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған мекемелерге Еңбек кодексінің 112-бабы тарайтын болады. Бұл жолы мәжбүрлі жұмысты тоқтату, яғни простой дейді. Соның режиміне көшуге міндетті болады. Бұл жерде жұмыс берушінің тарапынан жұмысшыларға кемінде біздің елімізде бекітілген ең төменгі жалақыдан төмен емес жалақы төленуі тиіс. Біздің елімізді ең төменгі жалақының мөлшері – 42 500 (теңге – авт.).  Бірақ егер де, еңбек шартында не ұжымдық шартта, бұл төменгі жалақыдан жоғары жалақы қарастырылған болса, осылай мәжбүрлі тоқтаған кездегі, ондай болса, сол жалақы төленеді. Бірақ ол ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс, - деп түсіндірді министр.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, мәжбүрлі еңбек демалысына шыққан  жағдайда, жұмысшыға еңбек демалысының ақысы төленуі тиіс.
Ал, енді өздеріңізге мәлім, ел президенті барлық жұмыс берушілерге балаларымен үйінде отыруға мәжбүр ата-аналарға ақылы демалыс беру туралы тапсырма берген болатын. Бұл тәртіп қалай жүзеге асады? Еңбек кодексі бойынша кез келген жұмыс істеп жүрген азамат жылына бір рет ақылы еңбек демалысына шығуға құқылы. Ол үшін әр мекемеде кесте жасалады. Сол отпуск кесте бойынша не кестеден тыс берілуі мүмкін. Осы жағдайда біздің жұмыс берушілерге, біз сұранатымыз, осындай баласына қарауға мәжбүр болған жұмысшыларға сол жылына берілетін еңбек демалысын ақысын төлейтін оны осы күндері беруге сұранамыз. Бұл жерде кемінде орташа жалақысы сол жұмысшыға төленетін болады. Бірақ өз кезегінде, жұмыс беруші жұмысшыдан отбасындағы екінші ата-анасы не қамқоршысы еңбек демалысына шықпағаны не болмаса жұмыссыз жүрген азаматтар жоқ екені туралы анықтама талап етуге құқылы, - деді Үкімет мүшесі.
Осы жағдайдың барлығын іске асыра алмай... жұмыс беруші жұмысшыларды қысқартуға баратын болса, бір ай бұрын ол туралы жұмысшыны ескертуі міндетті. Және қысқартылған жағдайда бір айлық көлемінде компенсация төленуі тиіс. Біз өз кезегімізде бүкіл елімізде кәсіпорындар, ұйымдардың, мысалы, осы жұмысшыларды қысқартуы мүмкін дегендерді мониторинг жасап отырамыз. Бұл жерде ескертетін жайт, егер де жұмыстан босап қалған жағдайда, біз осы жылданбастап мемлекеттік сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізіп үлгердік.
Өзгелердің жаңалығы