Медведев: ЕАЭО аясында цифрландыру үрдісін енгізу маңызды

1 Ақпан 2019, 12:15
2862
Бөлісу:
Медведев: ЕАЭО аясында цифрландыру үрдісін енгізу маңызды

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Қазірге дейін ЕАЭО алаңында экономикалық комиссиямен 8 жоба мақұлданып үлгерді, тағы 20 жуық жоба қаралымда. Бұл туралы РФпремьер-минстрі Дмитрий Медведев Алматыда өтіп жатқан ЕАЭО елдерінің цифрландыру форумында айтты.

Ол жиын барысында, осындай шараны жасап отырғаны үшін Қазақстандық әріптестеріне алғыс білдірді.

"ЕАЭО елдерінің цифрландыру мәселесін талқылау дәстүрлі жиынға айналып отыр. Қазір өндірістік революция қарқынды дамып жатыр, соған қарай барлығы ауысуда. Оның ішінде жасанды интелекті, көлік тасымалы, компьютер бар. ЕАЭО мүше бес ел ішінде дәстүрлі экономикадан цифрлы салаға ауысу жүріпжатыр", - деді ол.

Сонымен қатар ол, ЕАЭО мүше елдер бірікекен цифрландыру тұрғысында еңбектеніп жатқанынын айтып өтті.

"Әріптестеріміздің барлығы цифрландыру тұрғысында жұмыстар атқарып жатқанын айтты. Бізде осы біріккен жұмысымыздың іргетасын қалауға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл бізге және әріптестерімізге көмектеседі деген ойдамыз. Бізге цифрландыру тұрғысында "Жол картасы" бойынша 3-4 жобаны іске қосу тұр. Қазірге дейін ЕАЭО алаңында экономикалық комиссиямен 8 жоба мақұлданып үлгерді, тағы 20 жуық жоба қаралымда.   Оның екеуі цифрландыру бағытында. Сондай-ақ білім беру, ғылым, мәдениет пен туризм бағытында жұмыс істеу өте маңызды болып отыр. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес үшін біріккен платформа құру да күн тәртібінде тұр", - деді ол.

Ресей Үкімет басшысы сондай-ақ, өз елінде цифрландыру бағдарламасы ұлттық жобаға айналып отырғанын жеткізді.

"Ол барлық жүйенің компонентіне айналып отыр. Цифрландыруға бөлінген қаражатқа келсек жақын бес жылда 1 трлн 800 млн рубл бөлінді. Бұл қаражаттың жартысы федералдық бюджеттен, қалғаны бюджеттен тыс. Цифрлы экономика дегеніміз инновациямен үздіксіз жұмыс істеу дегенді білдіреді. Сол үшін бізге ЕАЭО аясында цифрландыру үрдісін енгізу маңызды. Бұл біздің бірігіп жұмыс істеуімізді жақсарта түседі", - деді ол.

Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы