Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Медтуризм форумы: Қазақстан санаторийлеріне жылына жарты миллионға жуық адам келеді

13 Қазан 2025, 18:55
514
Бөлісу:
 ДСМ
PHOTO
Фото: ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық туризмнің негізгі бағыттарының бірі ретінде санаторлық-курорттық аймақтарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Медициналық туризмді дамыту аясында жыл бойы емдік-сауықтыру қызметтерінің ұсынысын кеңейту мақсатында медициналық ұйымдар, санаторийлер мен туроператорлар арасында ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Медтуризм форумы: Қазақстан санаторийлеріне жылына жарты миллионға жуық адам келеді
Денсаулық сақтау министрлігі



Бүгінде Қазақстанның санаторлық-курорттық ұйымдарына жыл сайын шамамен жарты миллион адам келеді. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті инфрақұрылымды жетілдіру, «Kazakhstan Health Travel» брендін ілгерілету және шетелдік пациенттерді тарту арқылы арттыру жоспарлануда.

Біздің табиғи байлықтарымыз — ел игілігі ғана емес, халық денсаулығын нығайтудың және медициналық туризмді дамытудың стратегиялық құралы. Қазақстан Орталық Азиядағы санаторийлік-курорттық емдеудің орталығына айналуға толық әлеуетке ие, — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.

Медтуризм форумы: Қазақстан санаторийлеріне жылына жарты миллионға жуық адам келеді
Денсаулық сақтау министрлігі

Форум барысында атап өткендей, еліміздің стратегиялық артықшылығы — қайталанбас табиғи-климаттық әлеуетінде. Таулы аймақтың таза ауасы, емдік көлдер, минералды және термалды сулардың бірегей үйлесімі шетелдік пациенттер мен медициналық туристердің ерекше қызығушылығын тудырады.

Медтуризм форумы: Қазақстан санаторийлеріне жылына жарты миллионға жуық адам келеді
Денсаулық сақтау министрлігі

Осы табиғи факторлар қалпына келтіру медицинасы, оңалту және аурулардың алдын алу салаларын біріктіретін маңызды негізге айналуда.

Өзгелердің жаңалығы