Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Бөлісу:
 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Атырауда ер адам есірткі затын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік тексеруден өту кезінде ер адамның ағзасынан есірткі заты табылған. Оның бұл затты медициналық емес мақсатта қолданғаны анықталды.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлады Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы