Емханалар, ауруханалар, әскери госпитальдар мен лазареттер 73 539 750 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылы Комитет және оның аумақтық департаменттері медициналық мекемелерге қатысты 671 тексеру жүргізді.
Тексеру барысында 104 медициналық мекемеде 6 мыңнан астам сенімсіз өлшеу құралдары, соның ішінде қан қысымын өлшейтін өлшеу құралдары, өкпені жасанды желдету аппараттары, дифебриляторлар және тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар пайдаланылғаны анықталды.
Медицинада өлшеу құралын уақтылы салыстырып тексерудің болмауы дұрыс емес өлшеу нәтижелеріне әкелуі мүмкін, бұл сайып келгенде дұрыс емес диагноздарға әкелуі мүмкін және денсаулық пен өмірге елеулі қауіп төндіруі мүмкін, - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.