Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

15 Маусым 2022, 21:57
2059
Бөлісу:
Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бүгін Президент Іс басқармасы Медициналық орталығында «Медицина қызметкерлері күніне» орай салтанатты жиын өтті. 

Жиынға Президент Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова, ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, Республикалық ұлттық орталықтардың қызметкерлері және Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының, сонымен қатар медициналық орталықтың, ведомстволық мекемелердің қызметкерлері қатысты. 

Жиында Маржан Әкімжанова дәрігерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Сәуле Кисикова сөз кезегінде барша дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет жасап жүрген дәрігер-әріптестеріміз «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», Президент Іс басқармасының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы