Медеудегі өрттің себебі анықталды

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өрттің себебін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 Мамыр 2023 2023, 22:55
АВТОР
 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 8 Мамыр 2023 2023, 22:55
8 Мамыр 2023 2023, 22:55
1548
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өрттің себебін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімнің сөзіне қарағанда, өртті екі жас жігіт қойған.

Екі жас жігіт болған. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір полициямен бірлесіп оларды іздестіріп жатырмыз. Тиісті тапсырма берілді, - деді Оразалин.

Таулы аймақта жел соғып, өрт тез таралған. Салдарынан қызыл жалын 8 мың шаршы метр жерді шарпыды. Бір құтқарушы көз жұмды. Тағы біреуі жарақат алды.

Наверх