2025 жылғы 17-21 ақпан аралығында "Медеу" БТСК аумағында ҚР финалдық кубогы және конькимен жүгіру спортынан ҚР командалық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты "Медеу" мұз айдыны әкімшілігі демалушылар мен қала тұрғындарына үндеу жасады.
"Спорттық шаралардың өткізілуіне байланысты 17, 18, 20 және 21 ақпан күндері жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00-12:30) және 2-сеансы (13:30-16:30) уақытша тоқтатылады. 19 ақпанда жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00-12:30) тоқтатылады" – деп жазылған хабарламада.
Жарыс бағдарламасы:
- 17-18 ақпан – жеке жарыстар (500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м / 5000 м)
- 20-21 ақпан – командалық жарыстар (командалық спринт, командалық жүгіру, гендерлік жүгіру, масс-старт)
"Медеу" мұз айдыны әкімшілігі спортсүйер қауымды спортшыларды қолдауға және олардың тамаша өнерлерін тамашалауға шақырады.