Медеуде Республика күніне орай ту көтерілді

Алматыда Республика күні ту көтеру салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Алматы әкімдігі 25 Қазан 2024 2024, 14:37
25 Қазан 2024 2024, 14:37
811
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Республика күні ту көтеру салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Республика күніне орай мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтті. Іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Аумағы 98 шаршы метр болатын мемлекеттік ту биіктігі 40 метрлік тұғырға әскери оркестрдің сүйемелдеуімен және әнұранды орындаумен көтерілді.

Бүгін сағат 21:00-де Абай алаңында және 21:30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді. 500-ден астам дрон ұлттық мәдениеттің элементтерін және ел тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелейтін 3D көріністерді жасайды.

Сондай-ақ, сағат 20:00-де «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылады.

Наверх